Екібастұз қаласында есірткі жеткізудің арнасы әшкереленді. Жедел шара Павлодар және Ұлытау облыстарының полиция департаменттері бірлесіп жүргізген жұмыс барысында жүзеге асты. Тінту кезінде шамамен 64 келі есірткі тәркіленді.
Жедел уәкілдер есірткі тасымалдау бағыттары мен тәсілдерін анықтады. Қылмыстық топтың өндірістік кооперативті жасырын қойма ретінде пайдаланғанын әшкереледі. Арнаны ұйымдастырушы соттың санкциясымен қамауға алынды. Сонымен қатар, ұсталғандардың есірткі қолданғаны да медициналық сараптама арқылы дәлелденді. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Полиция тұрғындарды есірткіге қатысты кез келген дерек бойынша 102 нөміріне немесе «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабар беруге шақырады. Құқық бұзушылар заң алдында міндетті түрде жауап береді.
Сабина Жолдаспаева