Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "30 игі іс" акциясы аясында өңірде маңызды әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі терезе тосқауылдарын орнату. Құтқарушылар осы күндер ішінде 115-тен аса отбасының үйіне барып, 400-ден астам терезе блокаторын орнатты.
Бұл — әсіресе көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылар үшін үлкен көмек. Департамент тұрғындар қауіпсіздігі үшін нақты шаралар қабылдауда.Олардың бірі балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу. Сондай-ақ, басты мақсат жазатайым оқиғалардың алдын алу және балалардың өміріне төнетін қауіп-қатерді азайту.
Дильназ Қуанышбекқызы