Зейнет демалысына шыққан қарттар уақытын тиімді, әрі пайдалы өткізуге тырысады. Олар бірнеше жыл бұрын ашылған белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барады. Ардагерлер ән айтып, үйренген жаңа дағдылармен бөлісті. Тілші әңгімесінде.
Бұл белсенді ұзақ өмір сүру орталығының вокал үйірмесінің сабағы. Зейнеткерлер ән айтуды ұнатады. Бұдан бөлек мұнда йога, жеңіл атлетика, теннис, шахмат, тіл үйрену клубтары, хор, би, тамақ дайындау,қолөнер және тағы басқа үйірмелер жұмыс істейді. Әжелер мен ақсақалдар тәң сәресінен орталыққа келіп үйірмелерге қатысады.
Нұрсұлу Қайдарова, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі
Біз қалада түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Би кештерге, музей мен театр қойылымдарына барамыз. Біздің орталықтың шығармашыл және белсенді адамдарына қарап, тұрғындар бізге көптеп келе бастады. Олар бұл шараларды жоғары бағалап, ризашылықтарын білдіреді.
Үйірме қатысушыларының күн тәртібі сағатына дейін жазылған. Бірі тоқыма үйірмесіне барса, енді бірі ән айтып, салауатты өмір салтын ұстанып, марафонда жүгіреді. Павлодар қаласының тұрғыны Зәуреш Исмағұлова әдеби клубқа барғанды ұнатады.
Зәуреш Исмағұлова, әдеби клубтың мүшесі
Бізге өте қатты ұнайды. Себебі мында біз түрлі жұмыстар жасаймыз. Одан басқа біз скандинавская ходьбаға барамыз. Және фитнеске барамын. Әдеби клубтың жұмысында түрлі клубта көркем шығармаларды оқимыз. Бүгінгі және классик ақын жазушылардың туындыларын оқимыз. Оны талдаймыз. Өз пікірімізді айтамыз. Жергілікті өнер қайраткерлерімен кездесеміз. Одан басқа әдеби клубқа келгеннен кейін өз өлеңдерімізді оқимыз. Естеліктерімізді оқимыз. Түрлі тақырыпта тематикалық кештер өткіземіз.
Валентина Мукс бірнеше үйірмеге қатысып, уақытын қызықты әрі пайдалы іспен өткізеді. Сурет салу, оның көп жылғы арманы еді. Енді зейнетке шыққан соң, ол мақсатына жетті.
Валентина Мукс, көркемсурет клубының мүшесі
Хожу на палитру. Хожу на хор. Мына клубқа келіп жүргеніме үш жыл болды. Көркемсурет пен хор үйірмесіне қатысамын, өте ұнайды. Зейнетке шыққан соң сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндік туды. Жұмыс істеген кезде уақытым болмаушы еді. Қазір бос уақытым болғандықтан, өз хоббиіме, сурет салу мен ән айтуға уақыт бөле аламын. Бізде түрлі клубтар көп. Ұйымдастырушыларға рақмет айтамын.
Сондай-ақ зейнеткерлер вокал үйірмесіне барып, ән айтуды үйреніп жүр. Бұл үйірме оларға шығармашылықпен айналысып, көңіл көтеруге жақсы мүмкіндік береді.
Тұрлыбек Армиянов, хор ұжымының көркемдік жетекшісі
Бұл кісілердің рақметтерін айтады. Бұл кісілердің келіп жүргендері еңбек табуға емес өнерлерін бірге бөліп, халық алдында осындай концерт ұйымдастырып, ардагерлер алдында келтіріп жүрміз.
Орталықта – скандинавиялық серуендеу клубы да жұмыс істейді. Онда 60-80 жас аралығындағы зейнеткерлер барады. Жаңадан бастаушылар 2-3 шақырым қашықтықтан бастайды. Кейін 12 шақырым жерге дейін ұзартылады.
Әйгерім Тоқпанқызы