Облыс аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында республикалық «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында арнайы мекемеде тіркеуде тұрған 200 мыңнан астам азамат тексерілді.
Полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелерді аралап, тұрғын үйлерге барып, азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оның барысында заң талаптарының сақталуына ерекше мән берілуде.
Қару иелерін тексеру кезінде заңбұзушылықтың 100-ден астам фактісі анықталды.Сонымен қатар 18 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кәмелетке толмағандар арасында 296 құқық бұзушылық тіркелді.
Сондай-ақ, 97 адам есірткі қолданған, ал 63 адам есірткі сатқан және интернет-дүкен арқылы таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Барлығы 540 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.
Азамат Күркебаев, Павлодар облыстық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы
Есірткіге қарсы күрес басқармасы бар бізде,жедел уәкілдер біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Успен ауданынан лаборатория шықты. Есірткі мен ішімдік қоғам дерті сондықтан күнделітікті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, шара барысында қоғамнан оқшаулаусыз жаза өтеу тәртібін бұзудың 36 дерегі анықталды. Нәтижесінде 25 адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, ал 11 азаматтың пробациялық бақылау мерзімі ұзартылды.Тұрақты мекенжайы жоқ 95 адам қабылдау орнына орналастырылды.
Дильназ Қуанышбекқызы