Өңірде республикалық «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» басталды. 10–16 қараша аралығында өтетін акцияда жол сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арнайы жадынамалар таратып, жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіреді.

Шара барысында тәртіп сақшылар білім беру ұйымдарында кездесу өткізіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін айтты. Бұл апталықтың мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы жауапкершілік мәдениетін арттыру.

Асылжан Наурызбаев, Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторы

Павлодар облысының аумағында Республикалық жол қозғалысы қауіпсіздік апталығы өтуде. Аталған акцияның мақсаты жол-көлік оқиғалары болатын, жарақаттану мәселесіне қоғам назарын аудару. Азаматтадың өмірі мен денсаулығын сақтау. Жолда қауіпсіз мінез құлық мәдениетін қалыптасыру. Жол көлік оқиғаларының қаза тапқан адамдардың рухына құрмет көрсету және әрбір жол көлік қозғалысы қатысушысының жауапкершілігін арттыру.

Мамандардың айтуынша, жол ережесін сақтау тек қауіпсіздік кепілі ғана емес, әр адамның өміріне деген жауапкершілігі. Мамандар азаматтарды жол ережелерін сақтауға шақырады.

Сабина Жолдаспаева