Ауа райының құбылуына байланысты қала көшелерінің жолында мұз қатты. Соның салдарынан құлап, жарақат алған тұрғындар саны да күрт артты. Дәрігерлер қандай кеңес береді? Тілші әңгімесінде.
Маусым аралық мезгілде, құлап, зақым алған азаматтар саны көбейді. Әдетте 50-60 адам дәрігер көмегіне жүгінсе, бір тәулік ішінде қалалық аурхананың жарақат бөлімінде 100 ге жуық тұрғын қаралған екен.
Дәурен Смағұлов, Павлодар қалалық №1 ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері
10 қарашадан осы уақытқа дейін 80 адам жүгінді. 1 адам стационарға жатқызылды. Егер жабық немесе ашық сүйектің жылжуы, буын немесе байламдардың үзілуі, шығуы болса онда ауруханаға жатқызамыз.
Дәрігердің айтуынша көбінде сүрініп құлайтын зейнеткерлер мен тәңертең жұмысқа бара жатқан орта жастағы азаматтар екен. Мамандар алған жарақатқа бейжай қарамай, дер кезінде қаралуды сұрайды.
Дәурен Смағұлов, Павлодар қалалық №1 ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері
Сүйек сынығы әрқашан ауыр жарақат болып саналады. Дер кезінде мамандарға қаралмаса мүгедектікке әкелуі мүмкін. Сондықтан азаматтарға айтарымыз өз бетімен емделмей, дәрігерге қаралған жөн.
Ақ халаттылар ыңғайлы аяқ киім киіп, мұзды жерлерді айналып, құрғақ жолдармен жүруге кеңес береді.
Әйгерім Тоқпанқызы