Биыл республика бойынша Павлодар өңірінде алғаш рет 12000 жуық оқушы жұмыс істеп, еңбек тапқан. Бұл 10-11 сыныптардағы жеткіншектердің 60 пайызы жазғы демалыста жұмыспен қамтылды деген сөз. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған «Еңбек-елдің ертеңі» атты әлеуметтік жобаның игілігі жайлы тілшіміз айтып береді.
Шапық Шөкин атындағы мектеп гимназиясында жоғары сынып оқушылары әр сенбі келіп 4 сағат жұмыс істейді. Іңкәр Сужен «Шебер қолдар» атты элективті курске барып жүр.
Іңкәр Сужен, оқушы
-Бір қолғапты тігу үшін маған 8-10 минут жетеді. Мен қолғапты тез-тез тігемін. Осының арқасында мен ақша табамын. Ата-анам өте қуанышты менің осындай өнерім бар екеніне.
Әр тігілген қолғап жұбы 200 теңге. Оның 50 теңгесі матамен жіпке, ал 150 теңге- оқушының еңбекақысы. Қолғаптың дайын қиындысын жергілікті тігін фабрикасы беріп отыр. Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының жетекшілігімен іске асуда.
Владимир Берковский, Қазақстан халқы асамблеясы қоғамдық кеңесінің мүшесі
-Мен ассамблеяға Павлодардағы 12 жүйеқұраушы кәсіпорынды шақырып алдым. Олармен мынандай келісімге келдік. Шамамен оларға қажетті арнайы жұмыс киімінің 5 немесе 10 пайызын мектептерде дайындауға тапсырыс бреді. Мәселен, Алюминий зауыты ай сайын 5 мың брезент қолғап сатып алады екен. Соның 5 пайызын берсе мектеп оқушылары үшін үлкен еңбекақы ғой.
Балалардың өндіріске қажетті қолғап тігулерінің сыры осы. Өнімнің алушысы бар. Ендігі мақсат кәсіпорындарға қажетті токарлық және ағаштан жасалатын бұйымдар дайындау.
Зарина Юсупова көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Біздің мақсат ол балаларды тек тігу өнеріне үйрету емес ғана емес, жұмысшы мамандығы сұранысқа ие, беделді және нақты табыс әкеле алатының көрсету. Балалар өз қолдарымен тапқан ақшасын алған кезде олар экономикалық сауатты болады, тәртіпті болады және мотивациялары көп болады.
Мектеп ішінде ғана емес, жоғары сынып оқушылары трамвай мен автобустарда бақылаушы болып жұмыс істесе, ауылдық жерлердің оқушылары бақташыға көмекші болып немесе көкөніс алқаптарында табыс тапқан. Демек, «Адал азамат» бірыңғай тәрбиелік бағдарламасы шеңберінде қолға алынған «Еңбек-елдің ертеңі» жобасы еңбекқор әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу алаңына айналып отыр. Ең бастысы жұмыс істеуге ниет білдірген оқушылар саны артып келеді.
Жанасыл Серікбол