Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжде еріктілер қозғалысы жүйелі түрде жұмыс істейді. Колледж студенттері педагогикалық бағытта көмек көрсетуде. Әр еріктілер тобының өз міндеті бар. Студенттер әр бастамаға жауапкершілікпен қатысып, мейірім мен көмек арқылы жақсы өзгеріс жасауға ұмтылады.

Еріктілік қозғалысы студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруда. Бұл жұмыс колледждің түпкі миссиясына сай келеді. «Балауса» жасағы 7 арнайы мектеп-интернатында дамыту сабақтарын өткізуде. Сабақтар балалардың қарым-қатынас икемділігін және коммуникативтік қабілетін арттыруда. «Power up Progress» жасағы ағылшын тілін үйретуде жұмыс істеуде. Еріктілер интербелсенді тапсырмалар, шығармашылық жобалар және ойын әдістерін қолдануда. Әр сабақта оқушының жеке ерекшеліктері, деңгейлері мен қызығушылықтары ескеріледі. Еріктілер біліммен қатар мейірімділіктің нәрін сеуіп, жүрек жылуын беруде. Сондықтан да, балалардың үлгерімі ғана артып қоймай, өз-өзіне деген сенімділік ұялап, құлшыныстары артуда. Еріктілердің негізгі миссиясы - өз-ара көмек, мейірімге негізделген қолдау, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, болашақ жетістіктерге жетелеу.

Ажар Калелова, Павлодар қаласы б.ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының студенті

Біз сабақтан тыс уақытта №7 арнайы мектеп-интернатында балаларға қазақ тілінде сабақ өткіземіз. Сабақта олардың көзіндегі қызығушылық пен қуанышты көру - біз үшін ең үлкен сый. Мұндай игі іс балалардың тілдік қабілетін дамытуға әсер етеді деген ойдамыз.

Мерей Мүрсәлім, Павлодар қаласы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің «Ағылшын тілі» пәнінің оқытушысы

Осы мектепте мен әр баланың өзіндік ерекшелігін тануға, оларға жеке көзқараспен қарауға үйрендім. Балалардың ағылшын тілін үйренудегі кішкентай болсын жетістіктері және олардың дамуына үлес қосу мен үшін үлкен қуаныш.

Еріктілер жасағына колледж оқытушылары жетекшілік жасайды. Ұстаздар еңбек нәтижесінің болашақ ұрпақтың жасампаздығына ұласатынына сенеді. Сонда ұрпақтар сабақтастығы жалғасады. Еліміз еңселі болады.

Динара Кажибаева, Павлодар қаласы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің оқытушысы

«Балауса» еріктілер тобы 7 арнайы мектепте ерекше сұранысқа ие балалар үшін инклюзивті білім беру бағытын дамытуға үлес қосып жүр. Жоғары сынып оқушыларына заманауи әдістеме негізінде сандық құралдарды қолдана отырып кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен де айналысады. Еріктілер тобының бұл іс-әрекеттері өз жемісін береді деп санаймыз.

Еріктілер қозғалысы колледжде маңызды рөл атқарады. Кәсіби дайындық пен қоғамдық белсенділікті байланыстырады. Студенттер мен оқытушылар өз білімдерімен бөлісуде.

Сабина Жолдаспаева