Павлодар тұрғындары өз стартап жобаларын ұсынып, жарысқа түсті. Оған оқушылар да, студенттер де, сонымен қатар ересектер де қатысуға мүмкіндік алды. Үздік идеяға 200 мың теңге сыйақы тағайындалды.
Шара еліміздегі цифровизация күніне арналды. Яғни, қатысушылар өздерінің технологиялық жобаларын ұсынды. Қатысушылар қоғамға қажет деп білген ойларын ортаға салды. Әр түрлі сала бойынша өздерінің жаңашылдықтарын ұсына келген. Мәселен, Ислам Әлкеев «Смарт ұстаз» жобасын ұсына келіпті.
Ислам Әлкеев, студент
Біздің жоба аттестациямен байланысты. Мақсатымыз – мұғалімдерге арналған аттестацияны оңайталу. Яғни, толықтай онлайн форматқа ауыстыру арқылы жеңілдетуге болады. Осылайша ұстаздарды артық қағаздардан құтқаруға болады. Мен бұны жақсы білем. Ұстаздар отбасында өстім. Жобамыз бойынша мұғалімдердің аттестациялық жұмысын бағдарламада сақтай отырып, комиссияға көрсету. Сөйтіп, шешім қабылдауға мүмкіндік жасау.
Шараға 9 команда қатысты. Идея авторларына жас шектеуі қойылған жоқ. Оқушылардан бастап кез-келген тұрғынға мүмкіндік жасалды. Құрылғанына көп болмаған «Павлодар хаб» орталығы осындай шараларды жиі өткізіп жатқандықтарын айтады.
Нұргүл Жұмадиева, «Pavlodar hub» жетекшісі
Өңрімізде стартап мәдениетінің дамуы үшін осындай шараларды жиі өкітізіп тұрамыз. Кез-келген идея тамша жобаға айналуы мүмкін. Қатысушылар осыны сезіндіруге тырысамыз. Идея атворларына әрмен қарай көмектесеміз. Қазіргі уақытта идеяның өімге айналуы жолындағы бағдарлама жүріп жатыр.
Қазақстан толықтай цифрлы ел болуды мақсат еткен мемлекет. Әлемде цифрлану деңгей жоғары 30 елдің ішіндеміз. Ел ішіндегі идея авторларының әлеуетін қолдана отырып, бұл мақсатқа жету жолын жеделдетуге көп мүмкіндік бар дейді шара ұйымдастырушылары.