Биыл «Ертіс» арнасына 60 жыл толды. Осы уақыт аралығында телеарна журналистиканың талай жұлдызын тәрбиеледі. Осы жерден алған тәжірибесі мен білігі талайлардың журналистика көгінде әрмен қарай биік самғауына үлес қосты. Солардың бірі бүгінде елімізге танымал диктор, журналист Ламбриан Топузидис.

Ламбриан Топузидис дәл осы студияда нағыз еңбек жолын бастаған. Кәсібилікті, дикторлықтың қиын сәттерін алғаш осында сезінген. Қазір, міне, сол күндерді еске алып, өзіне ыстық студияның қазіргі әлпетін тамшалауда.

Телеарна ұжымдық еңбек. Диктордың даралығы мен сауаты, кәсібилігі осындағы әр түрлі мамандар арқылы жетіледі. Солардың еңбегі арқылы көрінеді. Ал, Ертіс телеарнасындағы үлкен мектеп Ламбрианның кейінгі жолына көп демеу болды. Өзін шыңдап, үлкен шеберлікке жеткізген шаңырақтың 60 жылдығы әрбір түлек үшін үлкен мереке.

Ламбриан Топузудис «Ертіс» телеарнасынан соң ұлттық арнада еңбек етті. Қазақстан журналистикасында танылды. Америка елінде білімін шыңдап меди саласының майталман маманына айналды.