Бүгіннен бастап Павлодар облысында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында 3 мыңнан астам бейнекамера іске қосылды. Қауіпсіздік пен тәртіпті негізге алатын камералар жайлы тұрғындар не ойлайды екен. Тілшіміз айтсын.

Самал Қалиқызы, тілші

Бүгіннен бастап «Заң мен Тәртіп» қағидатының аясында Павлодар облысында қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға, көшедегі қылмыс деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғаларын қысқартуға бағытталған «Қауіпсіз қала» ауқымды жобасын іске асыру басталады. Жобаның мақсаты – аймақ тұрғындары үшін жайлы және қауіпсіз қалалық орта құру. Бейнебақылаудың заманауи технологиялары оқиғаларға жедел ден қоюға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық орындар мен жолдарда азаматтарды қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі.Тұрғындардың пікірлерін білсек.

Бұл камералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған, бұл қызметтерге нақты уақыт режимінде жедел ақпарат алуға және жауап беруге мүмкіндік береді.

Ағыбай Әмірин, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

14 қарашадан бастап «Қауіпсіз қала» жобасы аясында іске асады. Жоба негізінде жолдағы қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында іске асып жатыр. Іске қосырылады.

Сонымен, жоба аясында Павлодарда 3000 қоғамдық қауіпсіздік камерасы және 420 «Мерген» зияткерлік кешені орнатылды, олар қозғалыс жылдамдығын және жолдардағы бұзушылықтарды тіркейді. Бірінші кезеңде Павлодардағы желілік учаскелерде жылдамдық өлшегіштер қосылатын болады. Екінші кезеңде Ақсу және Екібастұз қалаларында желілік учаскелер қосылады. Үшінші кезеңде қиылыстар қосылады деп жоспарлануда. Төртінші кезең республикалық және облыстық маңызы бар жол учаскелерін қосуды қамтиды.

Самал Қалиқызы