Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға құрылысы аяқталмаған үйден пәтер сатып алған мемлекеттік қызметкер сотталды.
Жергілікті әкімшіліктің құрылыс бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарған бас маманның салғырттығы салдарынан мемлекетке 50 млн. теңге көлемінде залал келтірілген. Қатты дауыл кезінде бұл үйлердің қабырға кірпіші құлап, төбесі ашылып қалды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Ақсу қалалық құрылыс бөлімінің басшысы да сыбайластық бабы бойынша 7 жылға қамалған болатын. Бұл жолы сот күдіктінің жас балалары бар екендігін және бұрын сотталмағандығын ескеріп жазаны жеңілдетті.
Маржан Құрманғалиева, Павлодар облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы
-Қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген залалды өтеуін, жас балаларының болуын және жауаптылықтан құтылатын мән–жайды, қабылданған антты бұзуын ескере отырып, Д ға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу мен екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.