Бұл жолы облыстың жетекші жұмыс берушілері бос орындар жәрмеңкесін ерекше форматта өткізді. Қазақстан алюминийі» зауыты, «Қазақстан электролиз зауыты» және «ERG Service» «Jumys Party» атты алғашқы кәсіби бағдар беру фестивалін ұйымдастырды. Жұмыс іздеушілерге 200-ден астам бос орын ұсынылды.
Іс-шара қала тұрғындарының назарына ұсынылған жұмыс орындарының көптігімен ғана емес, сонымен қатар жаңа кейіптегі ұйымдастырылуымен де өзіне тартты.Павлодарлықтар бұл кәсіпорындардың тұрақты жұмыс орны ғана емес, толық әлеуметтік пакет, кәсіби өсудің түрлі бағдарламалары мен отандық өндірістің дамуына үлес қосу мүмкіндігін беретінін білді.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
«Мемлекет басшысының жарлығымен биыл – жұмысшы мамандықтары жылы болып белгіленгендіктен, көптеген шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі бос орындар жәрмеңкесі – соның бірі. ERG қаланың негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Бізде өзара меморандум бар. Соның аясында біз тұрғындарды жұмысқа орналастырумен қатар, оқыту, даярлау және ынтымақтастыққа бағытталған түрлі бағдарламаларды жүзеге асырамыз. Біздің мамандықтар бойынша білім алып жатқан жастардың алюминий зауытына келіп тәжірибе жинақтауы өте маңызды. Себебі жастар қолдау тауып, еңбек жолын бастап, үлкен жетістіктерге жете алады.»
Фестиваль аясындағы шеберлік сабақтарында қатысушылар резюме жазуды, сұхбаттан сәтті өтуді үйренді. Менеджерлермен және түрлі бөлім қызметкерлерімен тікелей сөйлесіп, сұранысқа ие мамандықтар туралы нақты әрі қолжетімді ақпарат алды.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Бүгінгі бос орындар жәрмеңкесі жай ғана түйіндеме жазумен ғана шектелмейді. Бұл отбасылық жәрмеңке, Яғни отбасыңызбен келіп зауытта қандай жұмыстар атқарылытынын, балалар ата-анасының жұмыста қандай қызмет атқаратынымен таныса алады.
Фестиваль қонақтары жұмыс орындары туралы ақпарат алып қана қоймай, VR-экскурсиялар арқылы зауыттардың ішкі жұмысымен танысты. Интеллектуалды квизге қатысып, арнайы киімдерді киіп көріп, құралдармен суретке түсіп, мамандықтардың ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде байқап көрді. Балаларға арналған ойын-сауық аймағы, спорттық челлендждер және лотерея да ұйымдастырылды.
Жансая Альжанова, Павлодар алюминий зауытының персонал және корпоративтік мәдениет жөніндегі директоры
Ұтысқа жаңадан жұмыс іздеп келген барша азаматтар қатыса алады. Түйіндемесін қалдырды. Өзі туралы ақпаратпен бөліскенннен кейін ұтысқа қатысатын болады.Ұтыста бренттелген сыйлықтар бар және басты сыйлық жаңа айфон.
Айта кетейік, облыстың жетекші жұмыс берушілеріне гидрометаллург аппаратшылары, слесарь-жөндеушілер, газ кесушілер, электрмонтерлер және жобалаушылар мамандары қажет.
Дильназ Қуанышбекқызы