Жүкті әйелдерді жалған жұмыспен қамтумен айналысқан топ ұсталды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 200 млн теңге. Толығырақ тілші сюжетінде.
Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімінің басшысы кәсіби білімін пайдалана отырып, схеманы іске асыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаларына қолжетімділігі бар кәсіпкерлердің бірқатарына қызмет көрсететін бухгалтер туысын тартқан.
Павел Шакенов, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының басшысы
Бухгалтер аталған ЭЦҚ-ларды иелерінің рұқсатынсыз пайдаланып, жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, еңбек қатынастары заңды түрде рәсімделгендей көрінетін өзге де құжаттарды дайындаған. Сонымен қатар бірнеше таныс адам тартылып, олардың міндетіне жүкті әйелдерді табу және ұсынылып отырған рәсімдеудің заңды екеніне сендіру кірген. Ұсынылған жалған деректер негізінде уәкілетті органдарда жәрдемақылар тағайындалған. Алынған қаражат кейіннен схеманың қатысушылары арасында бөлінген.
Нәтижесінде 13 жеке кәсіпкердің атынан 50-ден астам жүкті әйелге 6 млн теңгеге дейін өсірілген жәрдемақылар төленген. Мемлекетке келтірілген залал 200 млн теңгеден асты.
Павел Шакенов, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының басшысы
Әйелдердің кінәсі дәлелденсе, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде анықталған мүлік тәркіленеді.
Тергеу жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат ҚР ҚПК-тің 201 бабына сәйкес жарияланбайды.
Самал Қалиқызы