Ел аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтті. Оның барысында тәртіп сақшылары 4 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Заңсыз әрекет жасағандар 39 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.
Әрбір заңсыз әрекет үшін жауапкершілік қарастырылған. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзып, балық аулаған, мылтық алып рұқсатсыз аңға шыққан браконьерлер ұсталды. Бір айға созылған операция барысында полиция 93 қылмыстық істің бетін ашты.
Асылбек Абыллаев, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы
Республика бойынша «Браноньер» жедел профилактикалық іс шарасын өткізді. Басты мақсат. Басты мақсат - табиғатты қорғау заңнамаларын сақтау, браконьерлік және биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу. Нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 4 мыңнан астам дерегі анықталып, оның ішінде 93 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар 4 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтсақ: аңшылық ережелерін бұзғаны үшін – 2 мыңнан астам, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін – 627 және басқа құқық бұзушылықтар үшін – 685. Жалпы 39 млн. тенгеден астам айыппұл салынды.
Сондай-ақ, операция барысында 258 текше метр заңсыз кесілген ағаш, 4 тонна балық, 255 дана киік мүйізі, тыйым салынған аулау құралдары және 358 дана аңшылық қаруы анықталды. Оның 120-сы ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.
Әйгерім Тоқпанқызы