Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1–7 желтоқсан аралығында Павлодар облысы аумағында республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара барысында полиция қызметі жол-көлік оқиғаларына әкелетін жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге бағытталады.

Павлодар облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдықты асырмауға, жаяу жүргіншілер өткелінің алдында тоқтауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады.Осы ретте, полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындауға, айналамыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығына бейжай қарамауға шақырады.