Облыс орталығының көшелері жарық. Бұған қоса саябақтар мен демалыс алаңдарындағы қосымша шамдар орнатылды. Сондай-ақ жарық беру желілеріне ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған жоба.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жарықтандыру жобасын іске асырды. Жарық шамдары ауыстырылып, істен шыққан бөліктер қалпына келтірілді. Сондай-ақ кабельдер жөнделді. Яғни жарықтандыру жүйесі толық тексеріліп, қажет болған жағдайда жаңартылады.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Павлодар қаласындағы саябақтар мен демалыс алаңдарындағы сыртқы жарықтандыру желілеріне ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету» жобасы аясында мердігер ұйым анықталды. Бұл жұмысты «Шахмарданов» жеке кәсіпкерлігі жүзеге асырады. Сонымен қатар, биыл қосымша 88 биік көше шамы орнатылады. Атап айтқанда, Ломов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында – Ворушин көшесінен Павлодар монтаж колледжіне дейін, сондай-ақ Ломов көшесі, 163-үйдің артында, Павлов көшесі, 15-үйдің артында орналасқан жаяу жүргіншілер аймақтарында, және №27 балабақша мен Қайырбаев көшесі, 80-үйдің арасындағы жаяу жүргіншілер жолында шамдар қойылады.

Мамандар түнгі тексеріс барысында анықталған ақауларды дер кезінде жөндеп, жарықтандыру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Одан бөлек, тұрғындардан да өтініштер қабылданады. Шамдардан шыққан ақаулар туралы хабарды 109 қызметіне, әлеуметтік желілерге және «e-Otinish» платформасы арқылы жолдауға болады.

Сабина Жолдаспаева