Қалада қыстың суық күндері тұрғындарға жайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Павлодарда 16 жылы аялдама жұмыс істейді. Олардың төртеуі жергілікті кәсіпкерлердің жеке инвестициясы есебінен, ал 12-сі қалалық бюджет қаражаты арқылы салынған. Заманауи павильондар жылытқыш жүйесімен, бейнебақылаумен және ақпараттық тақталармен жабдықталған.

Аялдамалардың төртеуі жергілікті кәсіпкерлердің жеке инвестициясы есебінен, ал 12-сі бюджет қаражаты арқылы салынған. Заманауи павильондар жылытқыш жүйесімен, бейнебақылаумен және ақпараттық тақталармен жабдықталған.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Ағымдағы жылы қалада қосымша 4 жылы аялдама орнатылды. Олар «АЦТО» аялдамасы – Жібек жолы көшесінде, «Прибрежный шағын ауданы» аялдамасы – Айманов көшесінде, «4-ші емхана» аялдамасы – Ткачев көшесінде, сондай-ақ «Орталық мешіт» аялдамасы Назарбаев даңғылында орналасқан. 2019–2025 жылдар аралығында орнатылған барлық жылы павильондар «Коммунсервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетуіне алынған.

Алдағы уақытта қалада мұндай павильондардың санын арттыру жоспарда бар. Бұл – қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Сабина Жолдаспаева