Қарулы Күштерде мерзімді әскери қызметін абыроймен өтеп келген павлодарлық 25 сарбазды туған-туыстары, ата-аналары және достары гүл шоқтарымен, қуанышты көңіл күймен қарсы алды. Шаһарымыздың теміржол вокзалында салтанатты шара ерекше атмосферада өтті.
Кез келген азамат үшін әскер – өмірлік тәрбие мектебі. Қарсы алу рәсімі жас сарбаздардың ерлік жолын дәріптеп, жастарға үлгі көрсетуге бағытталған.
Манарбек Мусарьянов, Павлодар қаласы №5512 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы
Бүгін біз Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлімінде қызметін аяқтаған сарбаздарды күтіп алдық. Олар өз борышын Қазақстан Республикасының Конституциясына сай адал атқарды. Сонымен қатар біз келісімшарт бойынша қызметке шақыру жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз. Бұл жігіттер болашақта Ұлттық ұлан қатарында қызметін жалғастыра алады.
Әскери қызметтен оралған жігіттер үшін бір жыл жауапкершілікке, шыдамдылық пен тәртіпке үйреткен үлкен мектеп болды. Әскер достықты бекемдеп, отансүйгіштік сезімін нығайтты.
Отан алдындағы борышын өтеген әр сарбаз – ел мақтанышы.
Сабина Жолдаспаева