Демалыс күні Баянтау спорт сарайында Павлодар облысының құрметті азаматы Аманжол Базарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған ардагерлер командалары арасындағы волейбол турнирі өтті. Ойынға Астанадан «Номад» командасы келіп, павлодарлық ардагерлермен жолдастық кездесу өткізді.
Еліміздің Құрметті құрылысшысы және ағарту ісінің үздігі, өңірде түрлі лауазымды қызметтерді атқарған Аманжол Базарбайұлы Әубәкіров тірі болса, биыл 80 жасқа толар еді. «Жақсының ісі өлмейді» демекші, елге еңбегі сіңген тұлғаның рухына арнап турнир ұйымдастырылды. Ойынға екі команда қатысты, олардың қатарында Аманжол Базарбайұлымен бірге қызмет еткен ардагер спортшылар да бар.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Бүгінгі турнир белгілі қоғам қайраткері, волейболшы, осы Павлодар ардагерлер клубының құрылтайшысы Аманжол Базарбайұлы Аубакировтың құрметіне осындай турнир өткізіп жатырмыз. Біз Астанадан Номад командасы келіп, сол кісіні еске алып, 80 жылдығының бұл кісінің. Бүгінгі ойын өте тартысты болды. Біз Астанада келген құрама команда ол келесі жылы ақпан айында БАЭ дүниежүзілік ардагерлер ойындары өтеді. Соған құрамамыз ҚР құрамасы дайындық ретінде осы бүгінгі кездеуді өткізіп отыр.
Шараға елордалық «Номад» командасының капитаны, Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов қатысты. Ол Аманжол Базарбайұлының өңір дамуына қосқан еңбегін ерекше атап өтті.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Аманжол Базарбайұлы туралы деген өте көп жақсы сөздер айтылды айтылады да. Ол кісінің еңбегі Павлодар облысына сіңген құрылысшы. Біраз осындай мемлекеттен алған наградалары бар. Бұдан басқа сол кісімен осы жерде ұлттық лигада ойнайтын Павлодар волейбол командасын құрған едік.
«Павлодар» волейболдан ардагерлер командасы құрылғанына биыл 30 жыл. Топ аптасына бірнеше рет жиналып, жаттығу жасап, турнир ұйымдастырып отырады. Аманжол Әубәкіров осы команданың алғашқы капитаны болған.
Дамир Әубәкіров, Аманжол Әубәкіровтың ұлы
Команда 1995 жылдан ардагер мемлекеттік қызметкерлер арасында турнир өткізіп келеді. Менің әкем бұл команданы құрып, капитаны болған. Тірі болса 80 жасқа толар еді. Оның рухына арнап «Ұлан» командасымен бірлесіп турнир өткізіп отырмыз.
Жолдастық кездесу тең есеппен аяқталды. Ойын соңында үздік ойыншылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.
Әйгерім Тоқпанқызы