Семинар-тренингті денсаулық сақтау басқармасы мен «Саламатты Павлодар» медициналық бірлестігі серіктес отырып ұйымдастырды. Ұлттық дәрежедегі мастер-тәлімгер және балалар ауруларын кешенді басқару ісінің сарапшысы, ДДҰ және ЮНИСЕФ ұйымдарының кеңесшісі Баян Бабаева әріптестерімен патронаждық медбикелердің жұмысы мен негізгі қағидалар жайлы көзқарасымен бөлісті.

Баян Бабаева, ДДҰ және ЮНИСЕФ кеңесшісі, ұлттық мастер-тәлімгер:

Патронаждық медбикенің мақмұны  қарым-қатынастарды дәл сенімге құрға негізделген. Және мәселерді өз бетінше шешуге деген қабілетті қалыптастыру. Ата-анаға таңдау мүмкіндігін беріңіз. Біз мәселені қалай жасау керектігін айтпаймыз. Патронаждық медбике белгілі бір заманауи білімге ие бола отырып, бұл баланың болашағына, демек, отбасының болашағына қалай әсер ететінін түсіндіреді. Таңдау құқығын береді.

Бала - отбасы мен қоғамның бір бөлігі. Оның денсаулығы, дамуы ең алдымен оның алған білімі мен қалыптасқан дағдысына орай анықталады. Сондықтан патронаж медбикенің негізгі міндеті - отбасына баланың денісау келіп, әрмен қарай өз мүмкіндігін ашып, өмірдің биігіне жетуі үшін не істеу керектігі туралы жан-жақты мағлұмат беру болмақ. Ол отбасына болашақ баласына қажет маңызды дағдыларды үйренуге көмектеседі. Отбасы мен денсаулық сақтау жүйесінің өзара жауапкершілігі, серіктестігі, мүдделердің ортақтығы жаңа патронаттың басты ұстанымдары болып табылады. Кез келген баланың отбасының материалдық жағдайына қарамастан дамуға құқығы бар. Ол үшін қымбат ойыншықтардың болуы міндетті емес. Жай ғана дұрыс көзұарас қалыптасру маңызды.         

Роман Пак, Железин аудандық ауруханасы басшысының м.а.:

Өз басым басқарушылық тұрғыдағы жауапкершілік мәселесінде көп кеңес алдым. Патронаждық ызмет бұл орта медицина қызметкерлерінің ғана міндеті емес. Бұл медицина қызметкерлерінің барлығына ортақ міндет.

Тыңдаушылар енді өз аудандарында, емханаларында және басқа да медициналық ұйымдарда каскадтық әдіс бойынша білімдерін ортаға салып, медицина қызметкерлерін үйрете алады.

Ульяна Зубарева, Екібастұз қалалық емханасының аға патронаж медбикесі:

Ең алдымен барлық медбикелерді жинап, өз білгеніммен бқісемін.  Бұнда баяндамашыдан көп нәрсені үйрендім. Ол бізге іс жүргізуді қалай дұрыс құру керектігін, емхананың ғана емес отбасымен қалай дұрыс ұмыс істеп, олардың әлеуетін ашуды айтты.      

Оқыту семинары балалар ауруларын кешенді бақылау орталығының базасында өтті. Онда облыстық, қалалық медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері тұрақты негізде оқытылады. Барлық тыңдаушылар сертификаттарға иелік етті.

 

Жанасыл Серікбол, Евгения Мягченко