Мөлдір Аязбайқызы Сағидолла 1993 жылы 18 қыркүйекте Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылында дүниеге келген.

2017 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін журналистика мамандығы бойынша тәмәмдады.

2017-2018 жылдар арлығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің бейнемонтаждаушысы болып қызмет атқарды.

2018-2019 жылдар аралығында «Алюминий Қазақстан» АҚ – да ішкі коммуникациялар жөніндегі басқару аппаратының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі маманы қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің редакторы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Мөлдір Аязбайқызы Сағидолла еңбек жолында түрлі марапаттарға ие боды: «Қазақстан» РТРК» АҚ ПОФ директорының Алғыс хаты (2019 ж), Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты (2021 ж), «Қазақстан» РТРК» АҚ ПОФ директорының Құрмет грамотасы (2022 ж).