Ермұрат Зұлқарнай 1993 жылы 08 ақпанда Монғолия Баян-Өлгей Буянатта ауылы дүниеге келген.

2014 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын 2014 жылдың мамыр айымен тамыз айлары аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің редакторы қызметінен бастады.

2014-2018 жылдар арлығында «Успен аграрлық техникалық коледджі» МКК-да қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

2018 жылдың маусым айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің редакторы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Ермұрат Зұлқарнай еңбек жолында түрлі марапаттарға ие боды: «Қазақстан» РТРК» АҚ ПОФ директорының Алғыс хаты (2019 ж), Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хаты (2019 ж), Павлодар облысы әкімінің Құрмет гармотасы (2021 ж).