Құралай Хасенқызы Рахимжанова 1970 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.

1992 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін, 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін журналистика мамандықтары бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Қарағанды қаласының №7 мектеп-интернатында тәрбиеші - қазақ тілінің мұғалімі қызметінен бастады.

1993-1994 жылдар арлығында Абай атындағы Саран педагогикалық училищесінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

2000-2001 жылдар аралығында Қарағанды қаласы «Дина» ЖШС (Бала бақша) қазақ тілі мұғалімі қызметін атқарды.

2002-2019 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар облыстық филиалында бас редактор, қазақ ақпараттық қызмет бөлімінің редакторы, бағдарламалар бөлімінің тілшісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылдың ақпанымен маусым айлары арлығында Астана қаласы «SHA» ЖШС-де қазақ тілі аудармашысы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдар аралығында Павлодар қ. «Қазақстан Алюминийі» АҚ – да корпоративтік коммуникациялар қызметі ішкі коммуникациялар бойынша маманы қызметін атқарды.

2020-2021 жылдар аралығында Павлодар қаласы Абай атындағы мектеп гимназиясында қосымша білім беру педагогы қызметін атқарды.

2019-2022 жылдар аралығында Павлодар қаласы «Halyk radiosy» - да журналист қызметін атқарды.

2021–2022 жылдар аралығында Павлодар қаласы Жоғары электрноника және коммуникациялар колледжінің лаборанты қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап Павлодар қ. «Жігер» БЖК қосымша білім беру педагогы қызметін атқаруда.

2022 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің редакторы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Құралай Хасенқызы Рахимжанова еңбек жолында түрлі марапаттарға ие боды: «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасы (2003 ж), ҚР Байланыс және Ақпарат Министірлігінң Алғыс хаты (2010 ж), «Қазақстан – Павлодар 50 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж), журналистер арасындағы «Үздік журналисттік жұмыс» байқауының жеңімпазы (2015 ж), «Павлодарэнерго» АҚ-ның ұйымдастыруымен журналистер арасындағы «Өзекті репортаж» байқауы бойынша 3-ші орын иегері, «ЭКСПО-2017» тақырыбындағы үздік материал байқауының 1-ші орын иегері (2016 ж), Республикалық «Шаңырақ» байқауының 1-ші орын иегері (2016 ж), «Қазақстан Электролиз зауыты» АҚ-ның ұйымдастыруымен журналистер арасындағы «Лучший видеосюжет» байқауының 1-ші орын иегері (2017 ж), Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйақысының иегері (2018 ж).