Аяулым Қаиргелдіқызы Рахимжанова 1998 жылы 18 наурызда Павлодар облысы, Аққулы (Лебяжі) ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келген.

2019 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін журналистика мамандығы бойынша тәмәмдады. 

Еңбек жолын 2020 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалының телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің веб – редакторы қызметінен бастады. 

2020 жылдың 7 желтоқсанынан «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалының телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің шеф – редакторы болып тағайындалды. 

Аяулым Қаиргелдіқызы еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты (2020 ж), Павлодар облысы әкімінің грант иегері (2021 ж).