Күй-ғұмыр

Өсіп-өнген, үлкен әулеттің ақсақалы балаларының, немере-шөберелерінің домбыра ұстауына қарсы. Тіпті бұл аспап үйінде де жоқ. Олар бір кезде Арқадан Жетісуға қоныс аударған. Қазіргі ауылдастары бұл отбасының өткен тарихынан хабарсыз. Сондықтан сырттай қарағанда өте мейірімді, ұстамды қарияның домбыра, күй тақырыбына келгенде неге түсін суытып, өзгере қалатынын ешкім түсінбейді. Ақсақалдың бір немересі домбыраға құмар. Мектепте математика пәнінен сабақ беретін мұғалімнің әкесі де кезінде Арқа жақтан көшіп келген. Ол кезінде қуғындалған күйшілердің туындыларын баласына үйретіп кеткен екен. Ақсақалдың немересі сол мұғалімге жалынып жүріп, сабақтан кейін домбыра үйренеді. Бірақ бұл туралы үй іші білмейді. Бұл ауылда көрші ауылдан қатынап оқитын бір бала бар. Ақсақалдың немересі ғана емес, сол бала да күйге құмар. Мұғалімнің күй үйретіп жүргенін біліп қойып, ол да бірге үйрене бастайды. Екі бала дос болады. Ақсақал кенже ұлының қолында тұрады. Ол - үлкен шаруа қожалығы бар ірі кәсіпкер. Бір кездегі әкесі сияқты құс салып, тазы ұстайды. Үлкен ұлы қолөнермен айналысады. Өзінің шеберханасы бар. Кәсіпкер ұлы жағдайы қиын адамдарға қол ұшын бергенді жақсы көреді.


Соңғы бейнелер

Ештеңе табылмады...
Тағы да