2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының кезекті сайлауына қатысатын саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын «ERTIS» телеарнасының эфиріне орналастырудың «Қазақстан» РТРК» АҚ жалпы шарттары
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – РТРК) – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының және «Ertis» телеарнасының (бұдан әрі – Телеарна) меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Телеарнада сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру ақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Телеарна Үгіт материалдарын Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген саяси партиямен немесе саяси партияның уәкілетті өкілімен (бұдан әрі – Саяси партия) РТРК арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде орналастырады. Бұл ретте Үгіт материалдарын Телеарна эфиріне орналастыру Телеарна бекіткен монтаждық парақтарға сәйкес жүзеге асырылады. Монтаждық парақтар Үгіт материалдарының эфирге шығуы болжанған күнге дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын, жазбаша өтініш берілген күнгі Телеарнаның техникалық мүмкіндіктеріне, яғни ұсынылған эфирлік уақыт аралығында жарнаманың болуы және/немесе болмауы ескеріле отырып әзірленеді.
Үгіт материалдарын Телеарна эфиріне орналастыру мынадай материалдарды орналастыру арқылы жүзеге асырылады:
1. қазақ немесе орыс тілдеріндегі ұзақтығы кемінде 10 (он) секунд болатын бейнероликтер;
2. бейнесюжеттер;
3. өзге де Үгіт материалдары.
Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасасуға Саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің Телеарна директорының атына жазбаша өтініші негіз болып табылады.
Үгіт материалдарының саны, ұзақтығы, орналастырудың болжамды күні мен уақыты Саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі және кейіннен шарт талаптарында бекітіледі.
Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі және әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен келіп түскен күні беріледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1. Саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2. Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3. өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4. шарт жасасуға тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Телеарна эфирінде Саяси партиялардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен белгіленеді, ал өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда – жеребе бойынша айқындалады. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Телеарна белгілейді.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұратылған эфирлік уақыт бұған дейін жүгінген басқа Саяси партияға берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұсынылуы мүмкін болмаса, Телеарна өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға Үгіт материалдарын орналастыру үшін өзге уақытты ұсынады.
Үгіт материалдары Телеарнаға эфирге шығуы жоспарланған күнге дейін кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Үгіттің аудиовизуалды материалдары (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматында, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартының кадр өлшемімен, interlaced жаймалау түрімен, өрістерді құру тәртібі – жоғарғы өріс бірінші (top field first), кадр арақатынасы 16:9, дыбысы біріктірілген және тайм-коды қойылған күйде ұсынылады. Бейне мен дыбыс MOV немесе MXF контейнерлеріне орналастырылуы тиіс. Дыбыстық сүйемелдеу мынадай объективті техникалық және субъективті талаптарға сәйкес болуы қажет: динамикалық диапазон – кемінде 40 дБ, жиілік диапазоны – кемінде 20 Гц–20000 Гц; сызықтық емес бұрмалану коэффициенті – студиялық жазба кезінде 1 %-дан аспауы тиіс; акустикалық реверберация («жаңғырық») болмауы қажет; сөйлеудің анықтығы 100 % болуы тиіс; жазбада бөгде дыбыстар, шудың немесе кедергілердің болуы жол берілмейді; 1–2 дыбыстық жолақ үшін біріктірілген дыбыс (сол және оң дыбыстық жолақтар қайталануы тиіс), ал 3–4 дыбыстық жолақ үшін бөлінген дыбыс ұсынылуы қажет.
Үгіт материалдары сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда (қатты диск, флеш-карта) ұсынылады.
Электрондық тасымалдағышпен бірге Үгіт материалының мәтінінің толық жазбаша нұсқасы, Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған құжат, Үгіт материалдарында бейнесі пайдаланылған адамдардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, сондай-ақ жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың бейнесі пайдаланылған жағдайда олардың ата-аналарының, қамқоршыларының немесе қорғаншыларының жазбаша келісімдері ұсынылады.
Үгіт материалдарында олардың ақысы төленгені және қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда, Үгіт материалдарын эфирге шығару жүзеге асырылмайды немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылыстың негіздерін күшпен өзгерту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғыс, қарулы қақтығыстар, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни үстемдік немесе араздық, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптеу идеялары, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасауға шақырулар қамтылған болса, Телеарна оларды орналастырудан бас тартады.
Егер Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болса, Телеарна оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру құны және орналастыру тілі
1№ Телеарна атауы Орналастыру түрі Орналастыру тілі ҚҚС-пен қоса 1 минуттың құны, теңге
1 «ERTIS» телеарнасы Бейнематериалдар Қазақша, орысша 30 000
2 «ERTIS» телеарнасы Бейнесюжетті (арнайы жобаны) дайындау және орналастыру Қазақша, орысша 45 000
• * Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған.
Орналастыру құнына РТРК хабар таратудың барлық қолжетімді тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар және интернет желісіндегі онлайн хабар тарату арқылы) Телеарналарды трансляциялау және ретрансляциялау кіреді.
Телеарнада Үгіт материалдарын тарату жөніндегі жасалған шарт бойынша төлем РТРК ұсынған төлем шотының негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштер РТРК тарапынан 2026 жылғы 20 шілдеден бастап 2026 жылғы 19 тамызды қоса алғандағы кезеңде, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, мына мекенжай бойынша қабылданады:
• Павлодар қаласы, Сұрағанов көшесі, 21 – «Ertis» телеарнасына орналастыру үшін.
Факсимильдік байланыс және интернет байланысы арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.
«Қазақстан» РТРК» АҚ ПОФ