1986 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Баянауыл ауданында Ш.Айманов атындағы №1ші жалпы орта білім беру мектебін аяқтайды. 2003-2007 жылдары С.торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Журналистика» факультетінде білім алады. 2005 жылдан журналистика саласында еңбек етеді. Университетің «Білік», одан кейін жеке меншік студия «Альта ТВ» және қалалық КТК7 арнасында тілші болып қызмет атқарады. 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін облыстық «Ертіс» арнасында жұмыс істеп келеді. «Ертіс ақпарат» жаңалықтар топтамасының редакторы, шеф-редакторы қызметін атқарып жүр.