Павлодар облысында есірткі тасымалдамақ болған курьер ұсталды. 32 жастағы күдіктінің көлігінен сәлемдеме ретінде оралған 366 түйіншек ақ ұнтақ табылған.


Сәния Ахметжанова, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат салмағы 255 грамнан асатын синтетикалық есірткі екені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Күдікті қамауға алынды.