Алғашқы сұрақтардың бірі – білім саласын қамтыды. Қазір облыста үш мектеп салынып жатыр. Ол Теміржолшылар кентінде шағын комплектті мектеп, №9 мектеп гимназияның қосымша ғимараты және достық шағын ауданындағы 1200 орындық мектеп. Бұдан бөлек мемлекеттік бағдарлама аясында  өңірде 40 білім ошағы жаңартылуда.

Самал Айтқазина, білім беру басқармасының басшысы:

Жалп ыбиыл «Заманауи мектеп», «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары аясында 46 мектепке жөндеу жүргізіліп жатыр. Мектептерді модернизациялау бойынша 33 нысан, «Заманауи мектеп» бойынша 4 мектеп және «Ауыл ел бесігі» бойынша 9 білім ошағы жөнделуде. Оған бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан, жөнделіп жатқан ғимараттар қашанда аманаттықтардың бақылауында. Олардың уақытылы аяқталып, қолданысқа берілуі депутаттар назарында. Осы ретте облыстық мәслихат депутаты өз жұмыс сапарымен барған 4 мектептің жаңа оқу жылына дайын болмауы мүмкін деп отыр.

Света Әбдіраманова, облыстық мәслихат депутаты:

Біз депутаттармен  өңір мектептерін араладық. Ондағы жөндеу жұмыстарының қарқынымен таныстық. Біз алдымен сапалы жұмысқа, құрылыс материалдарына назар аударамыз. Бірақ кейбір мектептерде жұмыстар 1 қыркүйекке дейін  дайын болмайтын сияқты. Баянауыл ауданың екі мектебі, Павлодарда 9,22 мектептер уақытында берілмейді деген қауіп бар.

Бұдан бөлек, оқу жылы жақындаған сайын студенттерді жатақхана сұрағы да мазалайды. Жатақханалардың дайындығы 90 пайыздан асады, бірақ орын тапшылығы әлі бар.

Санира Жүсіпова, «Жастар рухы» ЖҚ жетекшісі:

Қазір оқу барысы басталайын деп жатыр. Біздің студенттерді тек жатақхана сұрағы мазалайды. Қазір біз жатақхана мәселесін қарастырамыз. Солармен бірлесе отырып тексердік. 1612 жатақхана орны жеткіліксіз. Сол сұрақтардың жауабын табамыз деген ойдамыз.

Сонымен қатар, фракция отырысында  жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, азық түлік бағасын тұрақтандыру сұрақтары қарастырылды.

 

Самал Қалиқызы