Қазақ аналары – дәстүрге жол. Жоба аясында еліміздің түкпір түкпірінен жиналған әйелдер қауымы ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, дәстүр мен қазақ халық қолданбалы өнерін насихаттауды көздеген. Павлодар өңірінде өткен салтанатты шара алдағы сюжетте.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» атты республикалық бірлестік Павлодар облысында жұмысын бастады. Салтанатты шараға атадан қалған асыл мұраны насихаттап жүрген облыстың қолөнер шеберлері жиналды. Бұл жоба «Нұр ана әлемі» ҚБ-нің аналары қолдауымен жүзеге асты.

Облыс бойынша 100-ге жуық ҚБ бірлестік құрылып, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» мүшесіне қосылды. Ұлттық болмысты сақтап, көне дәстүрді кейінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында жүзеге асқан ҚБ-ке облыстың аудан, ауылдарынан аналар жиналды.

Айжан Әбілқайырқызы, ПОФ «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ҚБ төрағасы:

Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының мақсаты – ұмытылған дістүрді жаңғырту. Қазақтың кимшектерін, қыздарымызға тақияларын, ақ орамалдарын бастарына салып, қазақи киімде, нақышта елге жеткізу. Неге біз ұяламыз қазақ киімін көшеде киіп жүруге. Тек қана сахнада ғана емес, біз көрінгіміз келеді көшеде. Қыздардың гүлдей болып өскенің көргіміз келеді.

ҚБ-тің негізгі бағыттарының бірі – ұмыт қалған ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, салт-сана мен тәлім-тәрбиені насихаттау. Шарада ұмыт болған «Абысын ажын» дәстүрі сахналанды.

Мерекелік жиында облыстың түкпір-түкпірінен жиналған қолөнер шеберлері көзтартар бұйымдарын ұсынды. Жалпы, мыңға жуық әшекейлер мен ерекше туындылары қойылды.

Нұрымтай Төлешова, қолөнер шебері (Баянауыл ауданы):

Біз мынау балабақшаға арналған. Балаға тәлім тәрбие беретін, жас кезінен бағыттайтын. Қазақтың құрақ көрпесі сияқты.

Ал, қолөнер шебері Балшекер Бекенқызы киізден жасалған түрлі туындыларны ұсынды.

Балшекер Құлышева, қолөнер шебері:

Біздің апа, әжелеріміздің бұрыннан кеде жатқан қолөнері. Жүнді басып, илеп әр түрлі әшекей жасау деген сияқты. Кезінде дүкен болмаған бірақ шебер әжелеріміз қойдың жүнін неше түрлі бояуға бояп, әдемі әшекейлер жасаған.

Рухани шарада аппақ кимешек киген әжелеріміз бен қос етек көйлек пен оюлы қамзол, үкілі тақия киген қыз-келіншектердің қарасы көп болды. Құндылықты ұлықтап, төл дәстүрді дәріптеу мақсатындағы жүзеге асқан жобаның тамыры тереңге жайылсын.

Мөлдір Сағидолла