Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Осы уақыт ішінде ұйым көптеген отбасыларға жәрдем көрсетіп қолдау білдірді. Бүгін аймағымызға жұмыс сапарымен қордың басқарушы директоры София Айсағалиева келді. Елордалық мейман аймақтың қоғам белсенділері мен оңалту орталықтарының өкілдерімен кездесті.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мемлекет басшысының тапсырмасымен, халықтың септігімен, кәсіпкерлер мен қарапайым адамдардың қолдауымен құрылған ұйым. Осы уақыт ішінде қор есебінен еліміздің бірқатар перзентханаларына арнайы құрал жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ биыл аймағымызда қор қаражаты есебінен аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. 100-ге жуық бала реабилитациядан өтеді.
Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
Серіктестермен бірлесіп денсаулық сақтау мәселелерді шешуге көмек көрсетіп келеді. Осы мерзімде қордық қолдауымен ауқымды жобалар іске асқан болатын.
Бұған қоса жыл соңына дейін облыс орталығында оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл орталық 3 және 18 жасқа дейін балаларды оңалтуға арналған.Айта ктеейік біздің өңірде 16 қайырымдылық жоба мен бағдарлама іске асырылуда.
София Айсағалиева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарушы директоры:
Из них Павлодарская область 3,2 млдр это уже то что мы освоили. .. Қазір қор есебінде 156,9 млрд теңге бар. Ұйым қазақстандықтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі проблемаларын шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 млрд теңгеге 49 млрд теңге қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға жұмсалды. Павлодар облысында жалпы 3,2 млрд теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Павлодар облысында ауыр, өмірге қауіп төндіретін және орфандық аурулары бар 39 пациентке жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. 20 азаматты шет елге ем қабылдауға жібердік.
Бұдан бөлек былтыр қор Ертіс ауданында №4-ші мектептің 34 кабинетін қазіргі заманға сай құрал жабдықтармен қамтыды. Аудан оқушылары үшін телестудия, хореография, технология және зертхана кабинеттері жарақталды.Қазір білім беру ошағының оқушылары заманауи мектептің игілігін көріп отыр.
Әсия Жақанова, Ертіс ауданы №4-ші жоббм директорының ғылыми жоба жөніндегі орынбасары:
Біздің мектепке былтырғы оқу жылында ҚХққ біздің мектеп осы жобаға... мектебімізге үлкен көмек көрсетілді. Мектебіміз толықтай жабдықталды. Онымен қоса жаңа кабинеттер ашылды.
«Қазақстан халқына» ұлттық қоры ел халқын әлеуметтік және денсаулық сақтау саласында қолдауға бағытталған ұйымдардың бірі. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 2 мыңнан астам студент білім беру гранттарының иегері атанды. Оның ішінде 58 студент грант иегері атанды. Сондай-ақ жазғы демалыс кезінде 925 оқушы «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығында және «Айналайын» балалар лагерінде демалды.
Әйгерім Тоқпанқызы