Павлодарлық спортшы Түркияда өткен халықаралық жарыстан жүлделі оралды. 22 жастағы Николай Золотых жеңіл атлетикадан 3-орын иеленген. Жас жігіт тумысынан жарымжан болып қалған. Десе де, ол мойымай спорт айналысып жүр.
Николай Золотых - 22 жаста. Сал ауруына шалдыққан. Бірақ, оған мойыған емес. Сау адамдардай күнделікті спортпен айналысады. Жеңіл атлетикамен айналысқанына 3 жыл болыпты. Жақында ғана Түркия елінде өткен жарыста жас жігіт жүгіруден 3-орын иеленді.
Николай Золотых, спортшы:
Қарсыластарым өте мықты болды. Бірақ, менде осал болмауға тырыстым. Соның арқасында жүгіруден 3-орын алдым. Алдағы уақытта чемпион болсам деген арманым бар.
Баласының жетісітігіне анасы дән риза. Оның үлкен дәрежедегі жарыстан жүлделі оралуы күтпеген жаңалық болған. Сол үшін де баласын дайындаған бапкеріне қолдаушыларына алғысын айтты.
Людмила Золотых,- Николайдың анасы:
Николайдың спортпен айналысқанына 3 жыл болды. Оған осы жарымжан адамдарды қолдау қоры көмек көрсетті. Сондықтан да, барлығына алғысым шексіз. Анасы ретінде қатты қуанып отырмын.
Николай алдағы уақытта бұдан да үлкен жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл жарыс оның спортқа деген ынтасын арттырған. Жас жігіттің қоржыны медалға толы. Елімізде өткен түрлі жарыстарда топ жарып, жүлделі орын иеленген.