Өңірімізге қарасты Шарбақты ауданы стратегиялық маңызы бар аймақтың бірі. Мұндағы "Sharbakty Bidai Terminal" ЖШС астық өнімдерін тиімді сақтау мен тасымалдауды қамтамасыз етіп отыр. Толығырақ алдағы сюжетте.
"Sharbakty Bidai Terminal" - бұл ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға және өңдеуге мамандандырылған заманауи серіктестік. Компанияда астық басымдыққа ие. Кәсіпорын басшысының айтуынша, мұндағы басты жауапкершілік тұтынушы сенімі дейді.
Никита Юргин, "SHARBAKTY BIDAI TERMINAL" ЖШС директоры:
Ауылшаруашылық өнімдерін әртүрлі нарық пен тұтынушыларға тиімді тасымалдауды қамтамасыз ететін кең логистикалық инфрақұрылымға иеміз.Біз жергілікті шаруаларға коммерциялық негізде қызмет көрсетеміз. мәселен, астықты кептіру, тазалау, әрі қарай ТМД және басқа шетелдерге теміржол көлігімен жөнелту сияқты жұмыстарды атқарамыз. эскпорттау бойынша майлы дақылдар экспортында ғана аздап қиыншылықтар бар
Серіктестік жоғары сапа стандарттарымен ауылшаруашылық өнімдерін оңтайлы сақтап, кептіруге және жөнелтуге кепілдік береді. Мұнда астық сақтаудың тоннасы 900 теңгеден, ал кептіру 10.000 теңгеден, жөнелтудің құны 2500 теңгеден басталады.
Никита Юргин, "SHARBAKTY BIDAI TERMINAL" ЖШС директоры:
Қазіргі уақытта агроөнеркәсіп дамып келеді. Осы орайда агрокәсіпкер де өз өнімін сапалы және сауатты сатуды білуі керек деп ойлаймын. Жыл сайын жұмысымыз жанданып келеді, алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау болады деп ойлаймын. Мақсатымыз әрі қарай даму
Аталмыш кәсіпорын ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау кезінде сапа мен қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтайды, бұл тауарлар сапасының сақталуы мен тұрақтылығына кепілдік береді.
Қымбат Садық