Келер жылдан бастап елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылады. Үш бұрышты сары түсті ГАЗ жазуы бар белгі жапсырылады. Яғни бұл көліктер енді жабық паркинг пен автотұрақта аялдай алмайды. Толығырақ тілші әңгімесінде.
1 қаңтардан бастап енгізілетін жаңашылдыққа байланысты өңір құтқарушылары газбен жүретін автокөлік иелеріне түсіндіру жұмыстар жүргізуге кірісті. Басты мақсат, қауіпсіздің ережелері жайында айтып, халыққа дұрыс ақпарат жеткізу.
Газ бағасы бензинге қарағанда үш есе арзан. Қазір елімізде 400 мыңнан аса автокөлікке газ баллоны орнатылған. Мамандардың айтуынша құрылғылардың басым бөлігі техникалық ережелерге сай келмейді. Біздің өңірде 12 мыңға жуық көлік сұйытылған газбен жүреді.
Тілекжан Галямов, Павлодар қаласы тжб бастығының орынбасары:
Өрт қағидаларының 10/74 пунктіна сәйкес газбен жабдықталған автокөліктер тыйым салынады. Павлодар облысы бойынша 12682 автокөлік тіркелген оның ішінде 11898 газбен жабдықталған. Павлодар қаласының ТЖБ қызметкерлері бүгінгі күні арнайы рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейдтің басты мақсаты газ станцияларында газбен жүретін автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Арнайы белгі жапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар. 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Айта кетейік, биыл өңірде 64 көлік отқа оранған. Оның ішінде 12 сі газ құралымен жабдықталған.
Әйгерім Тоқпанқызы