Облыс орталығында азаматтарды бірыңғай қабылдаудың күні өтті. Шара аясында қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары азаматтардың мәселелерін жеке тыңдап, жауапты ведосмтва басшыларына тиісті шара қолдануды тапрысды. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамның мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Бір қуантарлығы, мұндай міндеттер өңірімізде іс жүзінде жүзеге асып келеді.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі:
Қазіргі уақытта азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізудеміз. Мұнда бірқатар басқарма басшылары азаматтардың кез келген сұрақ-сауалдарын қарастырып, мәселені шешуге ат салысады, жалпы, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мұндай шараларды ай сайын өткіземіз. Себебі, халықпен тығыз байланыста болу керек. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, шешімін табуды қарастырамыз
Жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің көбі коммуналдық қызмет,тұрғын үй және жер қатынастары мәселелерімен байланысты болды. Қабылдау күні қала тұрғындары да белсенділік танытып, өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Асқар Бишкенов, қоғам белсендісі:
Облыс және қала басшыларымен әрқашан тығыз байланыстамын, әлеуметтік желіде де белсенді. Кері байланыстың нәтижесінде облыс әкімінің көмегімен мектеп ауласына асфальт төселді. Қоғам белсендісі ретінде бүгінгі шара да қала әкіміне біраз мәселелерді көтердім. Мысалы, бағдаршамдар, әлеуметтік дүкендердердегі баға тұрақтылығы, азаматтардың қауіпсіздігі мен пәтер иелері кооперативінің жұмыстары туралы сұрақ-сауалдарды жеткіздім
Әр мемлекеттік қызметші, ең алдымен, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, оларды дереу шеше білуі тиіс.
Қымбат Садық