Павлодарское ауылының маңында қасқырлар жүр. Бұл туралы ауыл әкімі әлеуметтік желіде бөлісіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Орманшыларға жақын жерде қасқырлардың жүргені туралы ауыл тұрғыны жеткізген. Ол жыртқыштарды үйінің ауласынан кездестірген. Мамандар тұрғындардың қауіптенуіне себеп жоқ екенін айтады. Өйткені жыртқыштардың ауыл маңына келуі жемтік іздеумен байланысты емес.
Түз тағыларының елді мекен маңына келуінің басты себебі – қоқыс тастайтын жер мен қаңғыбас иттердің саны артуы, - дейді орманшылар. Айта кетейік, облысымызда қасқырлар негізінен Баянауыл және Май аудандарында, сондай-ақ шағын топтар болып Аққулы, Шарбақты аудандары мен Екібастұз ауылдық аймағында мекендейді.