Ал, облыс бойынша 10 аумақ айрықша бақылауда. Осы уақытқа ағын судан 18 үй зардап шеккен.

Бақылауға алынған 10 аумақ Ақсу ауылдық аймағы, Ақтоғай, Успен, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл аудандарында. Сағат 14:00 дегі жағдай бойынша су кірген 18 үйдің 8-нен су шығарылған. Жалпы тасқан судан құтқару жұмыстарына 4 мыңға жуық адам жұмылыдырылған. Сонымен қатар, 130 техника ат салысқан. Қар ерігелі 2 мың текше метр су шығарылыпты.

ОЛЕГ ТРЕЩЕВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір су тасқыны жағдайы солтүстік аумақтарға қарай жылжыды. Сілеті өзенін мол су мөлшері келетіні байқалады. Қазір соған дайындалудамыз. Сондай-ақ, 10 үйден су шығарылып жатыр. Бар мүмкіндігімізше жағдайда бақылаудамыз.

Су кірген үйдің тұрғындары қазір туыстарының үйіне орналасқан.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автожолдар аумағында ешандай қиындық жоқ. Құтқару жұмыстарына күштер мен техника жеткілікті.

Жанасыл Серікбол