Павлдодарда тасқынан зардап шеккен Қостанай және Ақмола облыстарына гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Қазірдің өзінде 10 тонна болатын көмек жиналды. Бүгін ертең бұл қажетті заттар аталған өңірлерге аттанатын болады. Гуманитарлық көмек жинау барысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким танысты.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында тасқыннан зардап шеккен көрші өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталып кетті. Бұған жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар белсенді ат салысып жатыр. Қазірдің өзінде 10 тонна болатын көмек жиналды.

АЙЖАН ҚАЛИ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Гуманитарлық көмекке бізге жәрдем берген жастар ұйымдары, кәсіпкерлер және қала тұрғындары. Қазіргі таңда азық-түліктер гигеналық заттар, киімлер мөлшері 10 тоннаға жуық болды. Оны ертең алла жазса, жібереміз.

Еріктілер жан-жақтан келген көмекті жинап, қаттап жатыр. Азық-түлікті бөлек қорапшаға, көреп, жастық секілді тұрмыстық қажеттіліктерді жеке жинайды. Олардың жұмысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким танысты.

ВЕРА КИМ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Мен өзімде ерікті болғам. Сондықтан, бұл жұмыстың қаншалықты ауыр әрі жауапгершілігі жоғары екені жақсы түсінем. Сол себепті еріктілерді қолдауға келдім. Олардың жасап жатқан жұмыстарын көрдік. Өте разы болып отырмын. Ел басына күн туған кезде жұдырықтай жұмыла білу маңызды. Еліміз бойынша 25 мың ерікті осы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жатыр. Бұл әрине қуантарлық жағдай.

Қазір гуманитарлық көмек жинау аяқталуға жақын. Бүгін ертең еріктілер барлығын жүк көліктеріне тиеп, Қостанай, Ақмола облыстарына жіберетін болады.