Облыс әкімі Асайын Байханов Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен барып, Жалаулы ауылында салынып жатқан жаңа үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қазір онда құрылыс мерзімінен бұрын жүруде.
Жаңадан салынған әр үйге берілген жердің көлемі – 10 сотық. Бұл баспаналардың төбесі биік, әрі кең. Әрқайсысысының тұрғынжай ауданы 78 шаршы метр. Үйдің іші жылы болуы үшін қабырғалары жылыту материалдарымен қапталған. Құрылысқа толығымен заманауи материалдар қолданылуда. 85 пайызға дейін Павлодарлық құрылыс материалдары қолданылуда. Жұмысшылар да жергілікті тұрғындар.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Құрылыс жұмыстары кестетенд 20 күнге ерте жүріп келе жатыр. Шілде айында аяқтаймыз деп ойлағанбыз. Мердіген маусым айының аяғында аяқтауы мүмкін. Маусым аяғының басында немесе шілде айының басында беруді көздеп отырмыз.
Апаттық деп танылған баспаналардың тұрғындарына зардап шеккен үйлерді өздері бұзып, алып кетулеріне рұқсат берілген. Алайда жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылады. Кез-келген құрылысқа тиым салынады. Себебі, су басу қаупі жоғары аумақ. Үйлерді салып жатқан компания да бұл үйлердің сапасы қаладағы баспаналардан кем түспейтінін айтады. Бұдан бөлек тағы тоғыз үйде жөндеу жұмыстарына қаржы берілген.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
оғыз үй бойынша толықтай төлем жасадық. Олардың үйлері жөндеуге жарамды.
Ал, жаңа үйдің иелері құрылыстың аяқталуын тағатсыздана күтуде. Күн сайын таңмен тұрып, жұмыс басына келіп, қарап кетеді.
МАРХАБАТ СМАТАЕВ, ЖАЛАУЛЫ АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Судан зардеп шеккен жанұяның біреуіміз. Жолдасымның үйінде тұрып жатырмыз. Көріп тұрамыз. Қадағалап отырамыз. Жақсы істелініп жатыр. Жақсы.
Қазір Жалаулыда көлемі 60 мың текше метр еріген қар суы жиналатын тереңдігі үш метр болатын қазаншұңқыр қазылған. Қауіпсіздік үшін айналасы қоршалды.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНАН