Тамыздың 31 нен бастап жаңа аңшылық маусымы ашылады. Аң мен құсты аулаудың ережелері қандай? Аңшылар нені ескеруі керек?Тілшіміз айтсын.

Тамыздың 31-нен бастап 2025 жылдың 15 ақпанына дейін облыс аумағында күз-қыс мезгілі аңшылық маусымы ашылады. Әр құсты және аңды аулаудың кестесі бекітілді. Мәселен, 31 тамыздан 30 қарашаға дейін - қаз, үйрек, қасқалдақ сияқты құстарды, 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін – борсық, 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін – құр, 2 қыркүйектен 30 қарашаға дейін аулауға рұқсат.

Қалған 10 аңшылық шаруашылығында, квота бөлінбегендіктен және резервтіқ қорда тұрған себептермен аң аулауға тыйым салынған. Бұлар Успен ауданында "Павловское", Ақтоғай ауданында "Ертіс", "Жамбыл", Баянауыл ауданында "Майқайың", Ақсу ауданында "Қызылжар", Екібастұз ауданында "Бозшікөл" сияқты аңшылық шаруашылықтар. Сонымен қатар Шарбақты және Аққулы аудандарының аңшылық шаруашылықтары толығымен жабық.

Аңшылық жүргізген кезде аңшының куәлігі, аңшылық шаруашылық субъектісінің жолдамасы немесе жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттама, қару сақтауға және алып жүруге рұқсаттамасы, жыртқыш құстармен немесе иттермен аң аулау кезінде оларға тиісті төлқұжаттар болуы керек. Жануарларды заңсыз аулағаны немесе аңшылық Ережесінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жанасыл Серікбол