Павлодар облысы елордадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне сатуға 550 тоннадан астам өнім апарады. Онда тауарлар нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада жіберіледі.
12-13 қазан күні Астана қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Оған Павлодар облысы тауар өндірушілері өздерінің өнімдерін апарады. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Қазанат» ипподромында болады. Оған біздің өңірден 500 тоннадан астам тауар жеткізіледі.
ӘСЕМ БЕКТҰРОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Еттің барлық түрлерінің 60 тонна, картоп 415 тонна, жұмысртқа 50 мың дана, балық 10 тонна. Бағасы 10-15 пайызға төмен. Өнімнің жалпы көлемі 550 тоннадан асады.
Осылайша елордалықтар біздің өңірдің өнімдерін 10-15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады.
ӘСЕМ БЕКТҰРОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бұл картоп және көкөніс өнімдері «Ақтоғай Агро» шаруа қожалықтары апарады. Сиыр еті, жылқы еті, қой етін апарамыз. Ұлттық сусындарды «Ақжар» өндіріс ұсынады.
Осы ретте, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы елордалықтарды жәрмеңкеге шақырады.
Самал Қалиқызы