Екібастұз аумағында табылған аққу Павлодарское ауылындағы зообаққа орнастырылды. Қазір құстың жағдайы жақсы, тиісті дәрумендерді қабылдап жатыр. Толығырақ келесі сюжетте.

Екібастұз ауылдық аймағында екі аққу құсы табылды. Олар қауіпті жағдайда қалып қойған. Құстардың қанаты қатаймағасын жылы жаққа ұша алмаған, деді мамандар. Құстардың жасы 2-3 айлық.

Жасұлан Жұмашев, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының жануарлар әлемі бөлім басшысы:

Сол себептен Екібасұз қаласының мамандарымен аққу құстары бізге жіберілді. Паркке орналастырылды. Тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Екі үш айлық құс болып анықталды. Витаминдер беріліп жатыр. Жағдайы жақсы.

Айта кетейік, Павлодарское ауылындағы зообаққа тек бір ғана аққу жіберілді. Себебі екіншісі жараланып қайтыс болды.

Самал Қалиқызы