Павлодар қаласында Қызыл Ай қоғамы жылдық қызметінің қорытындысына арналған «Ерікті болу-ерлік» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға еріктілер, қоғам белсенділері және сарапшылар қатысты.
Қызыл Ай қоғамы-гуманитарлық көмек көрсету және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық қозғалыстың бөлігі. Қоғам маңызды жобаларға тоқталып, еріктілердің атқарған жұмысы жайында, аймақтағы филиалдардың қызмет көрсету деңгейін атап өтті.Басты мақсат-Павлодар облысының волонтерлік ұйымдарын біріктіре отырып, жаңа қатысушыларды тарту.
ГҮЛНАР ИСАХАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛ АЙ» ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі өткізіп жатқан дөңгелек үстелінің Қазақстан Республикасының осы қоғамның атқары жатқан рөлі туралы дөңгелек үстел болады. Шараға серіктестіктеріміз, студенттер қатысып оты. Бұл жерде өзіміздің направлениямыз бар сол туралы ақпарат береміз. Роликтерді презентация көрсетіп. Біз осы отырыстың ішінде біз өзіміздің атқарған жұмысымызды айтамыз.
Павлодар қаласындағы Қызыл Ай қоғамының бөлімшесі жергілікті тұрғындарға әртүрлі бағыттар бойынша қолдау көрсетумен айналысады. Ұйым барлық түскен қаражаттың көмекке мұқтаж жандарға бағыттайды. Дөңгелек үстел барысында өңірдегі әлеуметтік мәселелер, мұқтаж жандарға көмек көрсету тетіктері және болашақ жобалар талқыланды.
ГҮЛНАР ИСАХАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛ АЙ» ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Осы көктем кезігде су тасқыны болған кезде біз ол жерге барып, зардап шеккен кісілерімен жүздесіп, қарап оларға не керек бәрін жасап сол кісілерге көмек көрсеттік. Ол Жалаулы аулында және Успен ауылына да бардық ол жерде де отбасы болды, соларға көмектестік.
Форум соңында кофе-брейк ұйымдастырылды. Онда қатысушылар бейресми жағдайда сөйлесе алды. Олар әсерлерімен бөлісіп,жаңа қатысушылармен танысты.
Сабина Жолдаспаева