Павлодар облысында екі тәулікте 200-ден астам тұрмыстық зорлық зомбылық туралы хабарлама келіп түскен. Қазір өңір бойынша «Тұрмыс» шарасы өтіп жатыр. Оның нәтижелері туралы тілшіміз айтсын.
Екі күн ішінде полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 208 хабарлама келіп түсті, оның ішінде 76 адам отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жазаланды, 10 ата-ана кәмелетке толмағандарды тәрбиелегені үшін міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, 62 адам көшеде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін жауапқа тартылды.
ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
Павлодар ауданының ауылдарының бірінде жергілікті тұрғыннан учаскелік шақырулар келіп түсті. Егде жастағы әйел өзінің 1-ші топтағы мүгедек екенін хабарлады. Ұлының да көру қабілеті нашар. Ұлы мас күйінде жанжал шығарды, анасына дөрекі сөз айтты. Полицейлер ер адамды әпкесінің сүйемелдеуімен бөлімге жеткізді. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұлы жауапқа тартылып, материал сотқа жіберілді. Бірақ сотта анасы баласын кешірді.
Нәтижесінде құқық бұзушыларға 91 қорғау ұйғарымы шығарылды, алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынған құқық бұзушының тәртібіне 18 ерекше талап қойылды.
ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
Мәселен Екібастұз қаласында азаматтық некедегі күйеуі әйелімен жанжалдасқан. Ер адам келіншекті балағаттап, үйден қуып шыққан. Әйелі полицейлерге хабарласып көмек сұраған. Осы ретте ер адамға әкімшілік материал толтырылды, сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша әйелге қатысты 30 тәулікке қорғау ұйғарымы шығарылды.
Еске салайық, Павлодар облысында 22-29 қаңтар аралығында республикалық «Тұрмыс» іс шарасы өтіп жатыр.
Самал Қалиқызы