Ғалым Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы облыстағы бірегей рентген аппараты «Денситометрді» сатып алды. Бұл аппаратпен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тексерілуге болады. Басқа қандай артықшылықтары бар. Тілші сюжетінен көрейік.
Денситометрия – бұл сүйек тінінің тығыздығын және сынықтар қаупін диагностикалау әдісі. Бұл талдау арқылы кальций деңгейі, жалпы тығыздық және құрылым, сүйектің беткі қабатының қалыңдығы өлшенеді.
ВИТАЛИЙ МЕЛЬНИКОВ, ҒАЛЫМ СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫ РЕНТГЕНОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Бұл құрал сүйектің минералды тығыздығын екі Т және Z критерийі бойынша өлшеуге арналған. Сондай-ақ, аппарат сүйектің трабекулярлық құрылымын өлшеп, сыну қауіптерін есептейді. Онымен ішкі май мен тері асты майын пайыздық мөлшерде өлшеуге болады» 01:28
Лидия Фатыхова 74 жаста. Айтуынша, әйелде ревматоидты артрит бар. Ол осы жазда, тіпті төсектен тұра алмай қалған. Міне ол енді алғаш рет жаңа рентген аппаратымен тексеруден өтті.
ЛИДИЯ ФАТЫХОВА, ПАЦИЕНТ:
Болашақта адамдарға осындай аппаратпен көмек көрсетілсе өте жақсы. Мұның барлығы халық игілігі үшін жасалып жатыр деп үміттенемін
Аппараттың артықшылығы – остеопорозды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезде емдеу ең тиімді болады. Егер рентген әдістері остеопорозды тек соңғы кезеңде анықтай алса, сүйек массасының 30%-дан астамы жоғалады екен. Ал «Денситометр» тіпті ең кіші ауытқуларды да есептейді.
АҚЫЛБЕК БИЖАНОВ, ҒАЛЫМ СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ
Бұл ауру біріншіден қартайған адамдардың ауруы боп саналады. Егер сіздің бойыңыз 5 см көп төмендесе, сынықтар пайда болатын болса остеопороз бар деген белгі. Қант диабеті, ревматиологиялық аурулар, онкологиялық аурулар болатын болса сіздерде остеопороз болғанының белгісі. Сол себепті уақытылы денситомерия жасауға кеңес беремін
Мұндай сырқаттың алдын алу мақсатында мамандар 50 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ерлерге денситометрия өтуге кеңес береді.
Қымбат Садық