Павлодар облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 1500-ден астам адам жрвимен ауырған. Ал, инфекциялық ауруханада 159 бала ем алуда, олардың басым бөлігі жіті респираторлық вирус жұқтырғандар. Дәрігерлер сақтық шараларын сақтануға шақырады.
Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан 28 инфекциялық назология бойынша жағдай тіркелмеген. Бірақ жіті респираторлық вирустық инфекциямен 20 мыңнан астам адамға жұққан.
Зәмзәгүл Дощанова, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Қыркүйек айында облыста ЖРВИ-дің 23 мың 998 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есеге төмен көрсеткіш. Эпидемиологиялық жағдай басталғалы, яғни 1-ші қыркүйектен бастап жіті респираторлық вирустық инфекцияның 1500 жағдайы анықталды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларлда 648, 1 жасқа дейінгі балаларда 307 жағдай, жүкті әйелдер арасында 4 жағдай тіркелді. Тұмау жағдайы тіркелген жоқ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ағымдағы эпидмаусымда тұмаудың үш штаммы белсенді болады. Ол H1n1, H3N2 және B штамының вирусы. Яғни қазіргі таңда қолданылып жатқан вакцина осы штамм түрлеріне қарсы қолданылмақ. Айта кетейік, Павлодар облысында тұмауға қарсы екпе салу жүргізіліп жатыр.
Зәмзәгүл Дощанова, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Біздің облыста тұмауға қарсы екпе салынып жатыр. Өңірге гриппол плюс вакцинасының 80 мың дозасы сатып алынды. Қаулыға сәйкес вакцинаны тегін диспансерлік есепете тұрған балалар, дәрігерлер, мұғалімдер, әскерилер, жүкті әйелдер, егде жастағы тұрғындар ала алады. Қазір облыста 28 396 адам екпе салдырды.
Вакцинация жалғасып жатыр. Соған қарамастан дәрігерлер сақтық шараларын сақтауға шақырады. Бұл көпшілік орында жүрмеу, сырқаттың алғашқы белгілері бар болса мамандарға жүгіну. Вирустық инфекциялардың өршуі қараша айының соңына келуі мүмкін деген болжам бар.
Әсел Байғанова, Павлодар облыстық балалар ауруханасы директорының инфекциялық стационар жөніндегі орынбасары
Қазіргі уақытта балалар жұқпалы аурулар стационарында 159 бала ем алып жатыр, 112-сі ЖРВИ, 21 бала превмония, 2 бала көкжөтелмен ем алып жатыр. Осы деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта эпидахуал облыста қалыпты деп айтуға болады.
Өткен жылмен салыстырғанда Павлодар облысында балалар арасында ЖРВИ –дің жағдайы артқан, ал пневмония бойынша көрсеткіш 15 есеге төмендеген.
Самал Қалиқызы