«Ертіс орманы» мемлекеттік резерватының орманшылары өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық бастады. Мамандар аумақтағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Бұл мақсатта арнайы техника, бақылау мұнаралары мен бейнебақылау камералары қолданылады. Тілші әңгімесінде.
«Ертіс орманы» резерватының аумағы шамамен 278 мың гектар. Негізгі құрылымдық бөлімше – Шалдай орманшылығы. Оның құрамына тоғыз орман қорғау учаскесі кіреді. Өрт қаупі жоғары кезеңде жұмыс істейтін негізгі техника мен мамандар дәл осы жерде шоғырланған. Маусымға дайындық жұмыстары алдын ала жүргізіледі. Қазір барлық техника тексеріліп, патрульдік бағыттар нақтыланды.
Ризабек Мұсатаев, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының жедел тобы инспекторы
Қазіргі таңда «Ертіс» орманы мемлекеттік резерватының өлшем көлемі 277 мың 960 шаршы метрде тұр. Орманшылық екі ормагылыққа бөлінеді. Бірі бесқарағай екінші Шалдай орман шаруашылығы. Бесқарағай орман шаруашылығында 7 лесничество, Шалдай орман шаруашылығында 9 лесничество бар. Қазіргі таңда өртке қарсы жұмыстар басталып кетті. 18 пожарный наблюдательный вышкалары бар. Және де 93 трактор артында соқасымен өртке қарсы жабдықталған. Бір казавиалес бар верталетпен жұмыс істейді.
Бейнебақылау камералары өрт ошақтарын дер кезінде анықтау мүмкіндігіне ие. Ақпаратты жедел түрде өрт сөндірушілер мен орманшыларға жеткізеді. Ормандарды әуеден бақылаумен қатар, резерват ішінде кезекшілік жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Арнайы техника орман және дала өрттерін бастапқы кезеңінде сөндіруге көмектесіп, адамдар мен жануарларға төнетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.
Орманшылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Резерват аумағында от жақпау, темекі тұқылын тастамау және күмәнді өрт ошақтарын байқаған жағдайда дереу өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Жасыл қорымызды тілсіз жаудан қорғау – тек арнайы қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Әйгерім Тоқпанқвзв