Азамат Бейбітұлы Ахметов 1991 жылы 6 қазанда Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Павлодар көлік және коммуникациялар коледжі – есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында технико-эксплуатациялық бөлімнің теледидар жабдығы жөніндегі инженері қызметінен бастады. 2021 жылдың қыркүйек айына дейін технико-эксплуатациялық бөлімнің жетекші инженері қызметін атқарды.
2021 жылдың 1 қазанынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалы технико-эксплуатациялық бөлімнің ЕТ,ТҚ,ТЖ,ӨҚ бас инженері болып тағайындалды.
Азамат Бейбітұлы еңбек жолында түрлі марапаттарға ие боды: «Қазақстан» РТРК» АҚ ПОФ директорының Алғыс хаты (2018 ж), Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2020 ж), «Қазақстан» РТРК» АҚ ПОФ директорының Алғыс хаты (2021 ж).