Әлия Баритденқызы Дәулеталиева 1980 жылы 21 шілдеде Нацмен кенті, Алтай өлкесі Пакрушихинский ауданы РФ дүниеге келген.

2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін педагог психолог мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын 2003 жылы Торайғыров атындағы Павлодар Мемелекеттік Университеті ғылыми кітапхана орталығының мультипликациялық техника ксероксының операторы қызметінен бастады.

2003-2006 жылдар аралығында Торайғыров атындағы Павлодар Мемелекеттік Университетінің ғылыми кітапханасында жоғары дейгейдегі кітапханашы қызметін атқарды.

2012-2014 жылдар аралығында «Creative Plus» ЖШС-де студияның басшысы қызметін атқарды.

2015 жылдың 3 шілдесінен бастап 2017 жылдың 12 наурызына дейін

«Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің эфир режиссері қызметін атқарды.

2017 жылдың 13 наурызынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалы, телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің жауапты шығарушысы лацуазымында қызмет атқарып келеді.

Әлия Баритденқызы еңбек жолында түрлі марапаттарға ие боды: «Қазақстан» РТРК» АҚ ПОФ директорының Алғыс хаты (2018 ж), «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хаты (2020 ж), Павлодар облысы әкімінің грант иегері (2020 ж), Кәсіподақ Төрағасының «Алғыс хат» (2020), «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасы (2021 ж).